Парламент мәжілісінің депутаттары түзету енгізілген заңды қабылдады. Өзгерістер бойынша ғылыми жобалармен айналысу жұмыстары әкімдік қызметкерлерінің міндетіне кіреді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Бұл заң президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленіпті.
-Заң жобасы жергілікті атқарушы органдарға ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру құқығын береді. Атап айтқанда, өңірдегі басым бағыттар бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды ұйымдастыру және жүзеге асыру құзыреті енгізіледі, – деп жазылған ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАСЫНДА.