Елдос Сметов "Ұлы дала баласына" ерекше сыйлық тарту етті

i 4placeholder

Париж олимпиадасының алтын жүлдегері Елдос Сметов өзінің досы Төреғали Төреәліге ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Спортшы ырымдап, әнші досының ұлдарына өзі жаттыққанда киген киімдерін сыйлаған.

Мұндай қуанышты сәтті әнші өзінің инстаграм парақшасында жариялаған.

«Саған Алла разы болсын. Бір-бірімізге деген қолдауымыз ешқашан бітпесін. Ақыреттік достар болайық. Маған өзі тапсырма берген ғой. Өзім жаттыққанда киген, өзім терлеген киімдерімді ұлдарына сыйлағым келіп тұр. Қазақ ырымшыл халықпыз ғой», — деді Сметов. 

Төреғали Төреәлі спортшы досына алғысын айтып, болашақта ұлдарының да чемпион болуын тіледі. 

«Ұлдарыма жаттығуға киген киімдерін ырымдап беріп жатыр. Болашақта чемпиондардың әкесі болайын. Сіздер әумин деп қойыңыздар», — деп жазды әнші. 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девятнадцать − семь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар