“Өз құқығы”. Экс-министр трансвеститтер клубында көңіл көтерген ұстаздарды жақтады

DSC 9555 scaled

Жынысын ауыстырған жезөкшелердің ортасында демалған қызылордалық мұғалімдерге қатысты мәжіліс депутаты Асхат Аймағанбетов пікір білдірді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Stan.kz сайтының мәліметінше депутат даулы оқиғаға байланысты ұстаздарды жақтаған. Айта кетейік, ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін жас ұстаздардың Түркиядағы демалысы дауға айналған. Олардың трансвеститтер клубында көңіл көтергенін ата-аналар әлеуметтік желіден көріп шу шығарған. Кейін мұғалімдер өз еркітерімен жұмыстан шыққан болатын.

Ал депутат Асхат Аймағамбетов ұстаздардың жеке өмірі мен құқығы бар деп отыр.

ai9i0702

 – Мұғалімдер де – бәріміз сияқты азамат. Олардың құқығын шектеуге болмайды. Сондықтан бұл жерде біз мұғалімдерге қойылатын талаптарды нақты ажыратуымыз керек екенін білесіздер. Әрине, жоғары талаптар өз алдына. Бірақ біз олар қарапайым азаматтар екенін түсінуіміз керек. Ал бұл жағдайда істі нақты түсініп, олардың бұл істе қандай кінәсі бар екенін білу керек, – дейді Мәжіліс депутаты.

Бөлісу:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар