Дүкенде жарылыс болып, екі азамат зардап шекті

1 1 scaled

Азық-түлік дүкенінде табиғи газ тасымалдайтын құбыр жарылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Оқыс оқиға Түркістан облысы, Леңгір қаласында болған. Бұл жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ақпаратына сәйкес аудан әкімінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасаған. Мәліметке сүйенсек, апат аумағы – 60 шаршы метр. Жарылыстан дүкен иесі және оның 6 жасар немересі зардап шегіп, ауруханаға апарылған, екеуінің де беті күйген, жағдайы – орташа.

Аталмыш ресми ақпаратпен қатар желіде жарылыс болған жерде видео түсіріп салған белгісіз тұрғынның видеосы тарады. Ол өз сөзінде жарылыстың қысқатолқынды пешті қосқан кезде болғанын айтқан.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

20 + 18 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар