"Денемізге жара қаптады" Жалағашта тұрғындар зауыт кесірінен жаппай ауырып жатқанын айтады

WhatsApp Image 2023 07 04 at 14.23.26

Ал аудан әкімдігіндегілер жергілікті жұрттың мәселесінен мүлде бейхабар. Тұрғындардың айтуынша көпшілікке зардабы тиіп жатқанын біле тұра, зауыт жұмысына шенеуніктер көз жұма қарап келеді, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі.

Жалағаш ауданында тұрғындар жиі дертке шалдығуының себебін тыңайтқыш шығаратын зауыттан көріп отыр. Айтуларынша көпшілік бірнеше жылдан бері өндіріс орынынан шығатын өте жағымсыз, химиялық қоспалардың улы иісінен зардап шегіп келеді . Соның кесірінен үлкендер жаппай демікпемен ауырып, балалардың үстіне жара қаптады дейді. Сондай-ақ тұрғын үйлерге өте жақын орналасқан зауыттың халыққа пайдасынан гөрі, зияны көп деп ашулы жұрт. 

WhatsApp Image 2023 07 04 at 14.23.28 1

Түрлі ауруларының асқынғанын өндіріс орынының кесірінен деп есептейтін тұрғындар “Агрохимсервис-С” ЖШС-нің алдына жиналды. Айтуларынша мерзіммен жұмыс істейтін зауыттан күндіз-түні химиялық қоспалардың шаңы бұрқырап шығады. Айналасын алып кететін мүңкіген иістен демалу мүмкін емес дейді көпшілік. Химиялық тозаңға тұншыққан тұрғындар бұдан демікпеге шалдығып, аллергияның асқынғанын айтады.

WhatsApp Image 2023 07 04 at 14.23.27 1

“Азанда ашиды тамағың. Иіс қой енді. Демала алмайсың. Сосын адамның өкпесіне де, жүрегіне деп зияны бар мұның. Енді у ғой, у. Балдарға жара шығып көшіп кетіп жатыр мына жерден. Мінекей, қышыма қаптап кетті. Үстіміздің бәрі аллергия. Осының бәрі осы удан. “, –  дейді тұрғын Төремұрат Жүсіпов

Көпшілік зауыттың бұдан бөлек те елге тигізген зияны көп дейді. Мәселен өндіріс орыны жұмыс істейтін мерзімде облыстың түкпір-түкпірінен тыңайтқыш алуға жүк көліктері осында ағылады екен. Ал ауыр салмақты тенхикалар зауыт айналасындағы көшелерді әбден тоздырған. Онсызда химиялық тозаңға тұншығып жатқанда, жүк көліктері жолдардың шаңын аспанға көтереді деп ашулы тұрғындар.

WhatsApp Image 2023 07 04 at 14.23.27

“Зауыт істеп жатқанда, шаң көтеріліп тұрады. Шаң көтерілгенде қолқаңды басады. Қазір бронхит болдым. Жолдарды ой-шңқұырға толтырды. Әкімдік осыны білмей ме? Біледі ғой. Бірақ кәсіпкерге ешқандай шара қолдана алмайды”, – дейді тұрғын Сұлтанғали Жараспаев.

Мәселеге байланысты кәсіпорын басшыларымен тілдесу мүмкін болмады. Өйткені зауыт ішінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан азаматтар “Азаттық-ньюс”  тілшісі келгенде қақпаны құлыптап алды.

WhatsApp Image 2023 07 04 at 14.23.28

Сондай-ақ аудан әкімдігіндегілер де жауап беруден жалтарды. Ал кәсіпкерлік басқармасындағылар өндіріс орынының адамға немесе табиғатқа аса қатты зияны жоқ деп отыр.

WhatsApp Image 2023 07 04 at 14.38.39

“4 класс қауіпсіз мекеме болып есептеледі. Шығаратыны сульфатты ұнтақ күйінде алып келген затты гранулаға айналдырады. Ол жерде күрделі химия процесі жүрмейді. Тек ұнтақты гранулаға айналдырады”, дейді кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Ринат Сұлтангереев.

Басшы орынбасары әзірге тұрғындар тарапынан жазбаша шағым жолданбаған дейді. Бірақ жақын арада кәсіпорын жұмысына тексеру басталатынын айтты. Ал аурудан көз ашпай келеміз деген көпшілік зауыт ешкімге зиян келтірмей жұмыс істесін дейді. Болмаса елсіз аумаққа көшірілсін деп талап қойып отыр.

Автор: Абай Нұржанұлы

Бөлісу:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар