Дәрі-дәрмек бағасы 12 пайызға қымбаттаған

Дәрі-дәрмек,

Биыл қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 70,9 млрд теңгеге дәрі-дәрмек өндірілді, бұл өткен жылдың қаңтар-мамырына қарағанда құндық мәнде 15,8%-ке артық, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Energyprom.kz мәліметінше, құрамында алкалоидтар немесе олардың туындылары бар дәрілерге 15 млрд тг, құрамында пенициллин және басқа антибиотиктер бар дәрілерге 867,4 млн тг, гормондары бар дәрілерге 8,5 млн тг жұмсалды.

Өңірлік бөліністе ең көп дәрі-дәрмек Шымкентте өндірілді: мұнда өндіріс көлемі 29,1 млрд теңгеге жетті. Көшбасшылар үштігіне Қарағанды (17,9 млрд теңге) және Алматы (13,3 млрд теңге) облыстары кірді.

Биылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстанға дәрі-дәрмектердің импорты 590,6 млн доллар болды. Заттай өсім 7,8%-ке, ақшалай өсім бірден 29,3%-ке жетті. ТМД елдерінен біздің республикаға 4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді, бұл өткен жылдың қаңтар–сәуір айларына қарағанда 38%-ке көп. Сондай-ақ Қазақстанға дәрі-дәрмектің негізгі жеткізушілерінің қатарында Беларусь (670,9 тонна) және Украина (233,7 тонна) бар. Қалған елдерден Қазақстан 6,5 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9%-ке аз.

Ең көп дәрі-дәрмек:
 
Қытайдан – 1,2 мың тонна,
 
Германиядан – 880,7 тонна,
 
Үндістаннан – 850,9 тонна,
 
Франциядан – 514 тонна
 
Польшадан – 442,1 тонна келді.
 
Биыл мамырда фармацевтикалық препараттардың бағасы жылдық қарқынмен 11,5%-ке өсті. Әсіресе Астанада, Шымкент, Павлодар, Қарағанды және Абай облыстарында баға едәуір қымбаттады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Введите текст заголовка