458996121 3605808803002291 4091007735064759661 nplaceholder

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған қазақстандық жастармен кездесті - AMANAT

Елордада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында «AMANAT» партиясының «BIR TOLQYNDA» диалог алаңында Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанның қатысуымен жастармен кездесу өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қадірлі мейманнан бөлек, іс-шараға «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек пен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ICYF) жастар форумы Басқармасының төрағасы Таха Айхан қатысты.

Жиын басында сөз сөйлеген партияның Атқарушы Хатшысы Дәулет Кәрібек елімізде өтіп жатқан ауқымды шараға қатысуға арнайы ат басын бұрып келген түркиялық меймандарға алғысын білдірді. Оның айтуынша, бұл ойындар түркі халықтарының тарихи байланыстарын нығайтып қана қоймай, бауырлас елдер арасындағы мәдени және рухани қарым-қатынасты одан әрі дамытуға серпін береді.

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен және қолдауымен өткізілуде. Қазіргі таңда ауқымды жоба әлемнің назарын аударған байрақты бәсекеге айналды. Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті ретінде маңызды шараға ат салысып, Түркия елінің делегациясын бастап келгеніңіз үшін ризашылығымды жеткіземін. Қазақстан мен Түркия ежелден – тамыры бір, достығы – бекем, мұраты – мығым мемлекеттер. Жалпы, көшпенділер ойындары – бауырлас түркі халықтары арасындағы өзара ынтымақтастық пен мәдени қарым-қатынасты арттыруға тың серпін беріп келеді», – деді ол.

Жалпы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушы елдер қатары жыл санап артып келеді. Алғашқыда сайысқа тек түркі елдері қатысса, бүгінде мұхиттың арғы бетіндегі елдер де қызығушылық танытуда. Осылайша халықаралық шаралар арқылы көшпенділердің бай мәдени мұрасы бүкіл әлемге танылуда.

Толығырақ: amanatpartiyasy.kz

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четырнадцать + 14 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар