Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

448608950 765526675768579 8966300329948585789 n

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібавтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Күн тәртібінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының, «Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының» жүзеге асырылуы қаралды.

Аймақ басшысы атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірқатар тапсырма жүктеді.

«Өздеріңізге белгілі, елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске асырылуда. Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде түрлі іс-шаралар өткізуге бюджеттен қаржы қаралады. Дегенмен волонтерліктің насихаты жеткілікті емес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және күресуге қоғам болып жұмылу маңызды. Жобаның әр бағыты бойынша жұмысты жандандыру керек. Жергілікті атқарушы органдардың ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлық картограммасы» деген жеке бөлім бар, онда 3 бағыт бойынша мәліметтер көрсетіледі.

Өңірлік сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енген бағыттардың бірқатары бұған дейінгі комиссия отырыстарында қаралып, тиісті тапсырма берілді. Оның ішінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қоры мен бағасын реттеу мәселесі облыс әкімдігі мәжілістерінде ұдайы қаралып келеді. Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу индексі 97,7 пайызды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға төмен қалыптасты. (ҚР-104,7%). Қазіргі уақытта тауарлар мен қызметтер бағасы республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, біз бағаны тұрақты ұстап тұруға міндеттіміз және нарықта халық тұтынатын тауарлардың жеткілікті қоры болуы қажет. Биыл да осы бағыттағы жұмыс жалғасуы керек. Сондай-ақ, аймақта тұрғындарды газбен қамтамасыз ету қарқынды жүруде. Осы нысандарды уақытылы қабылдап алу және республикалық меншікке өткізу өте маңызды, – деді НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ.

Айта кетейік, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының мақсаты – белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға волонтер ретінде тарту.

Жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар