Бұрынғы сүйіктісін өлтірмек болған әрекеті видеоға түсіп қалған

2073a4112cb63338

Қастандық жасау әрекеті видеоға түскен ер адам қазір іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Әйел үйінің есігін құлыптап сыртқа шыға берген кезде 29 жастағы ер адам шабуыл жасаған. Оқиға үйдің кіре берісіндегі бақылау камерасына түсіп қалған.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіге қатысты соталды тергеу басталды.

«Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені қабылданады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде болғаны анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», – дейді Полиция Департаментінің өкілдері.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар