«Бірлік» аллеясына тал егілді

27141d85 5270 471c 9376 e737a8bd2d88

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы құрылым мүшелерімен, этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен бірге «Бірлік» аллеясындағы тал егу шарасына қатысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Айта кетейік, бүгінде облыстық ассамблея жанында 11 этномәдени бірлестік бар. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Қазақстан халқы ассамблеясы» орталығы жұмыс істейді. Өңірдегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау, облыстық ассамблеяның қызметін жандандыру және оның қоғамдық-саяси рөлі мен маңызын арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Еске салсақ, қазір республика бойынша «Таза Қазақстан» акциясы өтуде. Акция аясында әр аптаға «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ»  тақырыптық атаулары берілген.

Сыр өңірінде «Таза Қазақстан – таза аймақ» науқаны аясында 5 кезең бойынша көгалдандыру, тазалық шаралары ұйымдастырылуда.

 

Бөлісу:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар