Білім бөлімінің қызметкерлері мемлекеттен 400 миллион теңге жымқырған

e2ada1f91565142d

Олар қомақты қаражатты талан-таражға салу үшін базаға ұстаздар туралы жалған мәліметтер енгізіп отырған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Бұл іс бойынша Түркістан облысына қарасты Келес ауданы білім бөлімінің есепшілері күдікке ілінді. Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің мәліметінше, есепшілер 2021-2023 жылдар арылығында білім беру мекемесі қызметкерлерінің көрнеу жалған мәліметтерін базаға енгізген. Яғни мұғалімдердің карт-шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) есепшілермен байланысты азаматтардың ЖСН-не ауыстырылған. Осылайша мемлекет қазынасынан 400 миллион теңгедей қаражатты қалталарына басып келген.

– Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 млн теңгеден асады. Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, – деп хабарлады ҚМА-ның баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре × пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар