Білім бөлімінің басшысы 380 миллион пара сұраған

Білім бөлімінің басшысы 380 миллион пара сұраған

Білім бөлімінің басшысы 380 миллион пара сұраған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Жетісу облысында қызметкерінен пара сұраған білім бөлімінің басшысына сот үкімі шықты.

Іс Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігімен Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралды.

“Бұрынғы білім бөлімінің бастығы бухгалтер мен оның екі сыбайласының ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғанын анықтаған. Өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ол бухгалтерден атқарып отырған лауазымын босатуды немесе қамқорлығы үшін 380 млн теңге пара беруді талап еткен”, – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бухгалтер мен оның сыбайластары 200 миллион теңге жинап, оны көлік жүргізушісі арқылы бөлім бастығына берген. Кейінірек басшы параның қалған сомасын талап еткенде, бухгалтер құқық қорғау органдарына жүгініп, басшы 80 миллион теңге пара алған кезде ұсталған.
Сотталушының кінәсі дәлелденген. Прокурор сотталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраса, ал қорғаушы тарап соттан ақтауды сұрады. Алайда сотталушы кінәсін мойындамады.
Сотталушы экс-білім басшысы ҚК-ның 366-бабының 4-бөлігі және 24-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

10 + 7 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар