Бас прокурор кеңес өткізді

cd4911e972f629cd8990c0fea893ff02 1280x720

Бас прокурор Ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесіп, «Әділетті Қазақстан – Жауапты азамат – Прогрессивті ұлт» тұжырымдамасының құндылықтарын ілгерілету шараларын талқылады. Сондай-ақ, жастардың арасында «Адал aзамат» дүниетанымын қалыптастыруына белсене қатысуға шақырды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жиын барысында Б.Асылов облыс және аудан прокурорларымен кеңес өткізіп, оларды прокуратура органдарының құрметті зейнеткерлерімен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен бірлесіп, Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді жүзеге асыруға кірісуге бағыттады.

«Тәуелсіздік пен патриотизм, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсібилік сияқты маңызды әлеуметтік құндылықтар мен адами қасиеттер призмасы арқылы, халыққа заңсыз мінез-құлықтың салдары мен кез келген құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығы туралы белсенді түрде түсіндіру қажет. Біздің басты міндетіміз – құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділікке қол жеткізу», – деді ҚР БАС ПРОКУРОРЫ БЕРІК АСЫЛОВ.

Осыған байланысты прокурорларға Бас прокуратурада студенттерді және қоғамның барлық мүшелерін қамтитын кешенді медиа-жоспар әзірлеу, құқық қорғау органдарының қоғамды толғандыратын мәселелері бойынша бейнелекциялар топтамасын дайындау, сондай-ақ азаматтардың құқықтық өтініштеріне жауаптары бар «мобильді прокурор» қосымшасын іске қосу тапсырылды.

Жиында сондай-ақ көбіне мас күйінде жасалатын вандализм мен бұзақылық сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алуға да назар аударылды. Тыйым салынғанына қарамастан тәулік бойы алкоголь сататын дүкендер мысалға келтірілді.

Ағымдағы жылдың наурыз айында ғана елордада прокурорлар полициямен бірлесіп, «бар» деген желеумен түнде спирттік ішімдіктерді еркін сатқан, алкомаркеттердің алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сатуының 41 фактісін анықтаған, соның ішінде онлайн тапсырыстар бойынша да. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар қадағалау органының басшысы прокурорларға үйлестіру шаралары арқылы облыс әкімдері жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңында ҚР Бас Прокуроры Б.Асылов  лаңкестік әрекеттерге осал нысандардың қауіпсіздігін тексеруді тапсырды, әсіресе, көп адамның қатысуымен өтетін мәдени-көпшілік және басқа да іс-шаралар кезінде. Осы жұмыс аясында прокурорлар осындай жерлерде лаңкестік қауіптерді дер кезінде анықтау және жолын кесу бойынша озық әлемдік тәжірибені зерделейтін болады.

 

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

4 + три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар