Байланыс саласының мамандары марапатталды

443711854 747141870940393 1923275344182665268 n

Облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов арнайы ұйымдастырылған жиында байланыс саласы мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қызылорда облысының әкімдігі тұрғындардың заманауи коммуникациялық қызметтерге қолжетімділігін арттыру үшін байланыс операторларымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Бүгінде Мемлекет басшысының интернет және байланыс саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы қабылданды. Алдағы уақытта жоба аясында республикадағы барлық ауылдық елді мекен сапалы байланыспен және интернетпен қамтамасыз етілетін болады.

Қызылорда облысының әкімдігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, 2024-2027 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.

Айта кету керек, Қызылорда облысындағы 230 ауылдық елді мекеннің 213-і интернетпен қамтамасыз етілген. Қалған 17 елді мекен жоғарыда аталған Жол картасы аясында интернетпен толық қамтылмақ.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде аймақтағы республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 9 антенна-діңгек құрылысын салу жоспарлануда.

5G жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жобасы бойынша Қызылорда қаласында 10 базалық станса орнатылып, оның 9-ы іске қосылды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три + семь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар