Азық-түлік бағасын реттеу мәселесі қаралды

438109691 737911215196792 8398698964347011871 n

Үкімет отырысының күн тәртібінде азық-түлік тауарларының қоры мен бағасын реттеу мәселесі қаралды. Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

«Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 98,8 пайызды құрап, республикалық орташа көрсеткіштен 1,5 пайызға төмен қалыптасты. Қазіргі уақытта тауарлар мен қызметтерге баға деңгейі республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, оны тұрақты ұстап тұруға міндеттіміз. Бірінші кезекте нарықта халық тұтынатын тауарлардың қоры жеткілікті болуы қажет. Өткен жылдан бері көкөніс өсіруші шаруашылықтарды алдын-ала 70 пайыз қаржыландырып, форвардтық келісім-шарт жасау тәжірибеге енгізілді. Енгізілген өзгерістерден және жүргізілген тауар интервенциясынан кейін көкөніс бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама төмен. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуы қажет», – деді НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ.

Айта кетейік, негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін ішкі саудадағы делдалдық тізбекті қысқарту және сауда үстемесін 15 пайыздан асырмауды ұйымдастыру тапсырылған болатын. Арнайы комиссия әзірлеген алгоритмге сәйкес бағасы өскен өнімдер бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен алынған ақпарат негізінде талдау, мемлекеттік бақылау жүргізу белгіленген. Осы ретте, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне бағаны тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.

Мәжіліс қорытындысымен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына әлеуметтік дүкендер мен бұрыштарда 19 әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарының үздіксіз сатылуын қамтамасыз ету, әлеуметтік дүкендер қызметін жетілдіру бойынша нақты ұсыныс беру тапсырылды. Мұнан бөлек, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп, белгіленген алгоритмге сәйкес делдалдық тізбекті қысқарту бойынша тиісті жұмыс жүргізуі тиіс.

Бөлісу:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар