Қазақстан командалары UAE SWAT Challenge турнирінде көш бастады

Azattyq-news
1 Min Read

Қазақстандық арнайы мақсаттағы бөлімшелер UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінің алғашқы күнін жоғары нәтижемен аяқтады. Дубайда өтіп жатқан додада 48 елден келген 109 команда бақ сынауда. Dubai қаласындағы жарыстың бірінші күн қорытындысы бойынша Қазақстанның төрт командасы да үздік ондыққа енді.
Турнир кестесінде Kazakhstan C бірінші орында тұрса, Kazakhstan D екінші сатыға жайғасты. Kazakhstan B төртінші орынды иеленсе, Kazakhstan A әзірге оныншы орында келеді.
Қазақстан атынан қатысып жатқан қыздардан құралған Tomiris командасы жалпы есепте 20-орында тұр. Бұл — әйелдер командалары арасындағы ең үздік нәтиже.
Ұлттық құрама сапында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы бөлімшелерінің жауынгерлері біріккен.
Бес күнге созылатын халықаралық турнир 11 ақпанда аяқталады. Қазақстандық командалар алдағы кезеңдерде де жоғары нәтиже көрсетеді деп күтілуде.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру