Автобус күтуден шаршап, аялдаманы қиратқан

photo 123216.jpeg

Аялдаманы кірпішпен қиратқан ер адам ұсталды. Оның әрекетін куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Алматы полициясы тапа-тал түсте вандалдық әрекет жасаған бұзақының 32 жастағы ер адам екенін анықтады.

“Ол аялдама кешендерінің бірінің терезесін қымсынбай сындырған. Құқық бұзушының жеке басы бірден анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр”, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дидар Аханов.

Ұсталған адамның өзі автобус күтіп тұрып, ашуланып, өзін ұстай алмай терезелерді сындырғанын айтқан.

Алматы полициясы азаматтарды заңды қатаң сақтауға және қылмысқа мүлдем төзбеушілік танытуға шақырады.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар