Ауыл шаруашылығына бөлінген 210 миллион теңгені жымқырған

news4546

Ресми құжаттарға жалған мәлімет енгізіп, миллиондаған мемлекет қаржысын талан-таражға салғандар анықталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

«Меркі» тәжірибелік шаруашылық» ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары нақты сатылмаған алма көшеттері үшін бюджеттен субсидия алған.

 – Аталған дерек бойынша Меркі ауданының прокуратурасы ҚР Қылмыстық Кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармақшасы (алаяқтық) бойынша қылмыстық істі тіркеген. Қазіргі таңда Жамбыл облысының прокуратурасы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Сот бір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берсе, екіншісіне қатысты үй қамақ бұлтартпау шарасы қолданылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. – деп мәлімдеді ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

14 + три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар