518352394 2087394468457668 6235886149675679482 nplaceholder

Ауданда білім инфрақұрылымы жаңаруда

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков пен облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов Шиелі кентіндегі №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке арнайы барып, күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Құрылыс жұмыстарын «СК и Монтаж — Строй» ЖШС мердігер компаниясы жүргізуде. Қазіргі таңда мектептің ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары, инженерлік желілерді ауыстыру, сынып бөлмелерін жаңарту, жылыту жүйесін жетілдіру және санитарлық тораптарды заманауи стандартқа сәйкестендіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
⠀
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін оқушылар мен ұстаздар үшін ыңғайлы, қауіпсіз әрі заманауи талаптарға сай білім ордасы қалыптасатын болады.
⠀
Аудан басшысы жұмыс сапасын үнемі бақылауда ұстап, белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін айтып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

4 + восемь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар