Аудан прокуратурасының бастамасымен білім бөлімі және уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен мектепте оқушылар, ата-аналар және мұғалімдермен «Қауіпсіз жазғы демалыс» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелерін түсіндіру.

Кездесу барысында су айдындарындағы қауіпсіздік талаптары, жол қозғалысы ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі, интернет желісіндегі қауіптерден қорғану, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз жүруіне жол бермеу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шара соңында оқушыларға қауіпсіздік жадынамалары таратылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Аудан прокуратурасы азаматтарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға және жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
