518396693 2086120381918410 4219590589934647334 nplaceholder

Аудан әкімі электр саласы жұмысымен танысты

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі аудандық электр торабының жұмыс барысын қарап, сала қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қазіргі таңда 220/110/35/10 кВ «Шиелі» қосалқы станциясында «Облыстық энергетика басқармасы» КММ-нің тапсырысы негізінде ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
 Жоба аясында:
— Т-1 25000 кВА трансформаторы 40000 кВА-ға ауыстырылады;
— Т-2 10000 кВА трансформаторы 16000 кВА-ға жаңартылады;
— 220/35 кВ майлы ажыратқыштар заманауи вакуумды ажыратқыштарға ауыстырылып жатыр;
— Жедел басқару пульті жаңадан орнатылды.
Жобаның толық аяқталуы 2025 жылдың тамыз айына жоспарланған.
Аудан басшысы: «Электр – халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде аса қажет ресурс. Сондықтан бұл жұмыстар уақытылы әрі сапалы орындалуы тиіс» деп атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
 
Шиелі ауданында 1964 жылдан бері электр желісі үздіксіз жұмыс жасап, халықты тұрақты жарықпен қамтамасыз етіп келеді.
 2018 жылы «Gechuba Shieli Cement» зауытының іске қосылуына байланысты 220/110/35/10 кВ «Шиелі» қосалқы станциясына қуаттылығы 32 000 кВА болатын 220/110/10 кВ Т-3 күштік трансформаторы орнатылып, қосалқы станцияны кеңейту жұмыстары жүргізілді. ⠀
 2019-2020 жылдары Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) аясындағы инвестициялық жоба арқылы кент ішінде:
 93 шақырым 0,4 кВ әуе желісі жаңартылды;
 18 дана КТПБ-10/0,4 кВ қосалқы станция жаңғыртылды. ⠀
 2023-2024 жылдары «Шиелі аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ-нің тапсырысы негізінде:
 10 кВ әуе желісі – 26,91 шақырым,
 0,4 кВ әуе желісі – 18,6 шақырым,
 9 дана 10/0,4 кВ қосалқы станция жаңартылып, электр қуатын жеткізу сапасы айтарлықтай жақсартылды. ⠀
 
 Қазіргі таңда «Облыстық энергетика басқармасы» КММ-нің тапсырысы негізінде республикалық бюджет есебінен 220/110/35/10 кВ «Шиелі» қосалқы станциясын толық қайта құру және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. ⠀
Бұл жұмыстар – аудан халқының өмір сапасын арттырып, жарықпен қамту тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

14 − семь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар