Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желідегілерге жан сырын ақтарды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Продюсер Қайрат Нұртастың енді өнер жолына түскен сәтінен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі ерекше мұрағаттық видеоларын жариялады. Әншінің анасы бүгінде мықты болуға тырысқанымен, бұл сынақ жанын жегідей жеп жатқанын жасырмады.
“Әрбір анаға көтере алар ма, жоқ па деп түрлі сынақты беріп тастаған. 62 тамырыңзды жарып шыққан перзентің үшін тауды қопаруға дайынсың. Бірақ кейде әлссіздік жеңіп кетеді ма деп те миың бір сәтке ой қармауынан шыға алмайтын кездер де болады. Жоқ, мен әлсіздік танытсам не үшін ана деген атқа лайықтымын?! Тұр да, басыңды көтер. Жығылуға тиісті емессің деген оймен денеңді тік ұстауға, беліңді бекем буады екенсің. Бір Алла жар болсын. Менің бір түсінгенім, кішкентайынан құласа да, тұрса да елдің көз алдында өсіп келе жатқандықтан да өз ұлдарындай, өз бауырларындай болып кетеді екен ғой. Жек көріп тұрып, жүрегінің түбі жақсы көріп тұратындар өте көп екен. Көзден жас құлап барады. Жүрегім жылап барады. Әттең, ештеңе айта алмаймын”, – деп жазды продюсер.