Әскерге күштеп алып кету: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

YovSM2qx

Қорғаныс министрлігі әскерге жастарды қинап алып кету деректеріне байланысты түсінік берді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, БАҚ-та және түрлі әлеуметтік желілерде  еріксіз ұстап алып, жергілікті әскери басқару органдарына жеткізіп жатқан бейнематериалдар таратылып жатыр.

“Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі жылына екі рет (көктемгі және күзгі әскерге шақыру) жүзеге асырылатын әскери қызметке шақырудың қолданыстағы тәртібін түсіндіруге өкілетті. Шақыру науқандары барысында кейбір азаматтардың әскери қызметтен жалтарып, жергілікті әскери басқару органдарына уақтылы келмеу фактілері байқалады.

Сонымен қатар, әскерге шақыру жасындағы азаматтарды есепке алуда да қиындықтар туындайды. Өйткені олардың көпшілігі тіркелген жерінде тұрмайды. Ал қоныс аударған жағдайда жаңа тұрғылықты мекенжайына тіркелмейді”, – дейді министрлік өкілдері.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

6 + 20 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар