Әскерде сарбаз комаға түскен: Тоқаев Қорғаныс министріне ескерту жасады

1651038138 askerr

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери бөлімде қызметін өтеп жатқан сарбаздың жағдайына байланысты Қорғаныс министріне ескерту берді, хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысының сарбаздың анасы әлеуметтік желіде жариялаған жазбасымен танысқанын мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті», – деп жазды ол.

Оның сөзінше, президент әскерде мұндай жағдайға жол бермеу керегін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауда ұстауды тапсырған.

Осыдан біршама уақыт бұрын сарбаздың анасы Жамбыл облысында әскери борышын өтеуге кеткен баласының комаға түскені туралы жанайқайын әлеуметтік желіде жеткізген болатын. Ол 19 жастағы ұлының физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырап, комаға түсіп қалғанын және жасанды тыныс алу аппаратында екенін айтқан. Жағдайы – ауыр.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

18 + 9 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар