«Анашым, мен қиын жағдайға тап болдым»: Тасбөгет полиция бөлімі ЖИ-алаяқтық туралы ескертті

Azattyq-news
0 Min Read

Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтарды жасанды интеллект (ЖИ) қолданылатын алаяқтық әрекеттерінен сақ болуға шақырады.
Қазіргі технологиялардың көмегімен алаяқтар адамның дауысын және бейнесін қолдан жасап, бейнеқоңырау арқылы өзін туысы немесе жақын адамы ретінде таныстыра алады. Негізгі мақсат – сенімге кіріп, азаматтарды шұғыл түрде ақша аударуға көндіру.
Полиция күмәнді қоңырауларға сенбей, алдымен жақындарыңызбен тікелей байланысып, ақпараттың рас-өтірігін тексеруге кеңес береді.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру