Ана бақыты – әлем бақыты

440362896 2004373246624844 4774380961826435809 n

«Анаға тағзым» орталығында батыр аналарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қаламы жүйрік жазушының да, данышпан ғалымның да, ел бастаған көсемнің де, сөзге шебер шешеннің де шығармашылығына арқау болған – ана. Биыл елімізде тұңғыш рет асыл аналардың мерейлі мерекесі мамырдың екінші жексенбісіне белгіленіп, барлық аймақта аталып өтті. Осыған орай, «Анаға тағзым» орталығында тәлім мен тәрбиенің тұнығы болған батыр аналардың қатысуымен шырайлы іс-шара өтті.

Игі шарада Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың асыл аналарды мерейлі мерекемен құттықтауын облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов жеткізіп, аяулы аналар қауымын айтулы күнмен құттықтады.

-Анаға құрмет көрсету бір күнмен шектелетін нәрсе емес. Бізге өмір сыйлап, топқа түссек тақым қысып отыратын аналарымызға әр күні құрмет көрсетіп, жылы сөздерімізді арнасақ артық емес. Биыл тұңғыш рет мамыр айының екінші жексенбісінде аналар күнін атап өттік. Осы ретте аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы барша аналар қауымен мерекемен құттықтап, ізгі ілтипатын жеткізді. Жүрегімен жылуын, құшағымен қамқорлығын аямайтын барша аналар әрқашан құрметке лайық. Бұл мерекенің маңызы да осында, – деді АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Тәрбиенің қайнар көзі – анада. Жиында сөз алған батыр ана, 10 баладан 31 немере, 26 шөбере сүйген Балай Есекеева аналар қауымын мерекемен құттықтап, ризашылығын білдірді.

-Бүгінгі бейбіт өміріміз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман дер едім. Аналар қауымына арнайы күн белгілеп, құрмет көрсеткендеріңізге алғысым шексіз. Алғаусыз айтып жатқан тілектер қабыл болсын. Бақытты болыңыздар! Ел аман, заманымыз тыныш болсын, – деді БАЛАЙ ЕСЕКЕЕВА.

Іс-шара соңында Сырдың сақа өнерпаздары аналардың құрметіне әуезді әннен сыбаға берді. Аналар қауымына арнайы сыйлықтар табысталып, игі шараға қатысушылар ізгі тілегін айтып тарқасты.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар