Алименттен қашып жүр...

aliment bala

Өңірде алимент төлеуден жалтарып, жұмыссыздықты сылтау ететін азаматтардың қатары артқан. Мәселен, жыл басынан бері алимент ісіне қатысты барлығы 1162 арыз келіп түскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Сәбит Рүстемов мәлімдеді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселесі – алимент өндіру ісі. Сала мамандарының айтуынша, сотқа келіп түскен арыздардың басым бөлігі алиментке қатысты болып отыр.

–Қазіргі таңда алимент өндіру ісіне қатысты арыз-шағымдар бойынша заң аясында тиісті жұмыстар жүргізудеміз. Жыл сайын жанұя жарасымдылығы бұзылып, тараптар екі жаққа кету деректері азаймай тұр. Басты себеп – материалдық жағдайдың жетіспеушілігі және жұмыссыздық. Жалпы, осы жылдың 4 айында алимент ісіне қатысты 1162 арыз келіп түсті. Оның ішінде, 770 арыз талап қою, ал 31 арыз ерекше іс жүргізуге байланысты болып отыр. Бұдан бөлек, бізге 361 сот бұйрығын шығару туралы арыз келіп түсті. Сонымен қатар, есепті мерзімде 13 арыз сот бұйрығын шығару туралы қабылдаудан бас тартылды, ал 7 арыз кері қайтарылды, – деді СӘБИТ РҮСТЕМОВ.

–Қарауымызға келіп түскен арыздардың басым бөлігі – алимент төлеу ісіне қатысты болып отыр. Жұмыссыздықты сылтау етіп, алимент төлеуден бас тартатын азаматтар да бар. Дегенмен, біз заң аясында тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізіп, екі тараптың келісімі арқылы бір шешімге келеміз. Жалпы неке бұзылуының басты себебі – қаржы жетіспеушілігі және ішімдікке тәуелділік болып отыр. Осы мәселенің кесірінен екі тарап ажырасуға шешім шығарады. Дегенмен, біз ерлі-зайыптыларды шақырып, татуласу орталықтары арқылы бітімгершілікке шақыруға тырысамыз. Қазіргі таңда алимент өндіру ісі бойынша келіп түскен арыздар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізудеміз, – деді Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы ЗАБИРА АБЫЛАЙҚЫЗЫ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Алименттен қашып жүр...