Алаяқтар әкімнің атынан хабарламалар жібере бастады

Алаяқтар әкімнің атынан хабарламалар жібере бастады

Алаяқтар әкімнің атынан хабарламалар жібере бастады. Әкімдіктегілер азаматтардан оларға жауап бермеуді сұрады, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі алаяқтардың қала әкімі Ерболат Досаевтың атынан хабарламалар жолдап жатқанын мәлімдеді. 

“WhatsApp мессенджердегі жалған хабарламаның тарауына байланысты Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан келген мұндай хабарламаға жауап бермеуіңізді және сенбеуіңізді сұраймыз. Күмәнді сілтемелерге кірмеген және ақша аудармаған жөн. Бұл сіздің қаржыңызды заңсыз жолмен алу мақсатында жасап отырған интернет-алаяқтардың тірлігі”, – деп хабарлады оңтүстік астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, алаяқтар қазақстандықтарға өз хабарламаларын жоғары лауазымды тұлғалардың атынан жиі жібере бастаған. 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

два × один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар