459203440 3606395492943622 2807877753056832513 nplaceholder

Аймақтық халықтық штаб медицина қызметкерлерімен кездесті

Бүгін, аймақтық Халықтық штаб өкілдері ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Онда Мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Жиында штаб мүшесі Нұридин Амитов АЭС құрылысының маңызы мен қажеттін түсіндірді. Сонымен қатар АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.

“Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асуда. АЭС құрысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді”, – деді ол.

Басқосуда орталық басшысы, штаб мүшесі Гүлстан Әубәкірқызы: Біз әрқашан елдік маңызды бастамаларды қолдаймыз. АЭС мәселесі де қазіргі таңда өзекті болып отыр. Бұл болашақта электр тапшылығын шешудің бір ден бір жолы деген пікірін білдірді.

Кездесуде ұжым мүшелері толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

два + 12 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар