458487344 3603262553256916 8668561458516534600 nplaceholder

АЭС салуды қолдау жөніндегі аймақтық штаб жұмысын бастады

Бүгін Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі облыстық Халықтық штабының алғашқы отырысы өткізіліп, штаб жұмысының мақсат-міндеті пысықталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Өздеріңізге белгілі 4 қыркүйек күні Астана қаласында беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Оның құрамына «AMANAT», «Ақ жол», «Қазақстан халық партиясы», «Ауыл», «Respublica», «Байтақ» партиялары мен 20-ға жуық республикалық қоғамдық бірлестіктер еніп, өз жұмысын бастады. Бұл ұйымдар ел аумағындағы миллиондаған адамның мүддесін білдіруде.

Басты мақсат – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды. Осы мәселені шұғыл әрі түбегейлі шешу керек. АЭС салу туралы шешімді қабылдай отырып, біз еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін біржолата бекітеміз. Болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра етіп қалдырамыз. Бұл тарихи шешім Әділетті Қазақстанды құру жылнамасындағы жаңа парақшаға айналады.

Ортақ мүдде жолындағы жұмыстарға 374 адамнан тұратын 9 штаб құрылып, топ басшылары белгіленді. Оның құрамына аймақтағы 6 партия өкілдері, қоғам қайраткерлері мен белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар, түрлі сала өкілдері қосылып отыр.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три × 1 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар