Қылмыстық іздестіру қызметінің 108 жылдығына орай Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері арасында шағын футболдан мерекелік турнир ұйымдастырылды.
Спорттық додаға Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен құралған командалар қатысып, тартысты ойын көрсетті. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйлеген Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімәуленұлы жарысты ресми түрде ашып берді.
Турнир қорытындысы бойынша I орынды – Қызылорда облысы Полиция департаменті аппаратының командасы, II орынды – Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының командасы, III орынды – Қызылорда облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының командасы иеленді.
Сонымен қатар жарыс барысында ерекше көзге түскен ойыншылар «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы» номинацияларымен марапатталды.
Шағын футболдан өткен турнир қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, командалық рухты нығайтып, өзара ынтымақтастық пен достықты арттыруға мүмкіндік берді.
