Жаңа жол құрылысы қарқын алуда

Azattyq-news
1 Min Read

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды жобалардың бірі – жаңа жолдың салынуы. Өңір басшысының қолдауымен қолға алынған құрылыс жұмыстары бүгінде қарқынды түрде жүріп жатыр.

«Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылының жалғасы ретінде Әбілқайыр хан көшесінен бастап Саламатов көшесіне дейін созылатын жаңа жолдың ұзындығы 2,9 шақырымды құрайды. Жобаның ауқымдылығы мен маңыздылығын айқындай түсетін жайт – бұл жол тек автокөлік қатынасына ғана емес, тұрғындардың жайлы жүріп-тұруына да лайықталып жасалуда.

Жаңа магистраль төрт жолақты автокөлік қозғалысына арналып, заманауи талаптарға сай бой көтеруде. Сонымен қатар, енді жол жиегінде ені 6 метр болатын жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары салынады. Бұл шешім қала тұрғындары үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы орта қалыптастырып, салауатты өмір салтын насихаттауға жол ашады.

Құрылыс жұмыстарын «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Компания өкілдерінің айтуынша, сапа мен қауіпсіздік басты назарда. Бұған қоса, жаңа жол құрылысына параллель түрде өзен бойындағы қорғаныс бөгеттері де күшейтіліп жатыр. Бұл шаралар келешекте табиғи қауіп-қатердің алдын алып, қала инфрақұрылымын тұрақты етуге бағытталған.

Жаңа жолдың іске қосылуы қаладағы көлік қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындардың күнделікті тұрмысын жеңілдетпек. Сондай-ақ, экономикалық белсенділікті арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны анық.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру