2025 жылы әлеуметтік төлемдер өседі - экономика министрі

2025 жылы әлеуметтік төлемдер өседі - экономика министріplaceholder

2025 жылы әлеуметтік төлемдер өседі, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров келер жылдан бастап әлеуметтік төлемдер қаншаға өсетінін мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ортақ зейнетақы 8,5%-ға, әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6,5% индекстеледі.

“Балалы отбасыларға арналған жәрдемақыларды төлеуге 2025 жылға арналған республикалық бюджетте 875,1 млрд теңге қарастырылған. Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау атаулы әлеуметтік көмек көрсету арқылы жалғасады”, — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Оның айтуынша 2023 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 76 мың отбасы немесе 403 мың адам АӘК алды.
 
2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда стипендия көлемі: бакалавриат бойынша 20%-ға, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға өсті.
 
Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 18%-ға артты, 2025 жылдан бастап 17%-ға көбейеді.
 
2025 жылға арналған республикалық бюджетте 42 түрлі әлеуметтік төлемдер бойынша 6 трлн теңгеден астам қаражат қарастырылған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 12,5%-ға көп.
 
Республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 млн-ға жуық қазақстандық отбасы жәрдемақы мен әлеуметтік төлем алады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один + девять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар