Ұшақ апатты жағдайда қонды: Жолаушысы жансақтау бөлімінде

Ұшақ апатты жағдайда қонды: Жолаушысы жансақтау бөліміндеplaceholder

Токио-Цюрих рейсінің жолаушысы инсульт алды. Әуе кемесінде денсаулығы нашарлағаны себепті ұшақ шұғыл түрле Астанаға қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушының жағдайы ауыр.

“Ағымдағы жылдың 17 тамызында жедел жәрдем қызметімен №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жедел ми қан айналымы бұзылған (инсульт) ер адам жеткізілді. Оның қазіргі жағдайы ауыр”, – деп хабарлады басқарма өкілі.

52 жастағы жапон азаматы “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес емделіп жатыр. 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × 5 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар