Астанада 6 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Оқиға 11 тамыз күні болған. Қазіргі таңда дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде.
“Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, торлар баланы құлаудан қорғамайды, балалардың ересектерсіз балконға шығуына жол бермеңіз”, – деп үндеу жасады ТЖМ баспасөз қызметі қазақстандықтарға.