Астанада 6 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Оқиға 11 тамыз күні болған. Қазіргі таңда дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде.
«Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, торлар баланы құлаудан қорғамайды, балалардың ересектерсіз балконға шығуына жол бермеңіз», — деп үндеу жасады ТЖМ баспасөз қызметі қазақстандықтарға.