Құны 1,2 млрд теңге болатын ақбөкен мүйізін сақтағандар ұсталды

9a3621f1 ecc2 444d ba2b 7c4d645eb919

Жетісу облысында ақбөкен мүйізін заңсыз сақтаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, Шекара қызметі мен ҰҚК департаменті қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 39 жастағы ер адам Жетісу облысы, Панфилов ауданының маңайында ұсталған.

ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикеновтың мәлімдеуінше, тінту кезінде үйдің шатырынан скочпен оралған 7 картон қорап табылған. Оның ішінде 464 дана ақбөкен мүйізі шыққан.

Табылған мүйіздерге сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Нәтижесінде, мемлекетке келтірген шығын 1 млрд 284 816 000 теңгені құраған.

Бүгінде сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, істің мән-жайы зерттеліп жатыр.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

18 − 12 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар