Қарақшылық шабуыл жасаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
2021 жылғы 21 ақпанда кешкі уақытта Қызылорда облысында бетперде киген белгісіз адам кассир мен күзетшіні қарумен қорқытып, Шымкент-Самара тас жолының бойында орналасқан жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасап, ақшаны алып кеткен.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осы жылдың қаңтарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде күдікті 25 жастағы Шиелі ауданының тұрғыны анықталып, ұсталды. Тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдеме ретінде қолдан дайындалған қос ұңғылы шолақ мылтық тәркіленді. Күдікті қамауға алынды.