3 жыл бұрын жанармай бекетіне шабуыл жасаған адам ұсталды

2024 03 28 11 12 21

Қарақшылық шабуыл жасаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

2021 жылғы 21 ақпанда кешкі уақытта Қызылорда облысында бетперде киген белгісіз адам кассир мен күзетшіні қарумен қорқытып, Шымкент-Самара тас жолының бойында орналасқан жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасап, ақшаны алып кеткен.

Қазіргі  таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы жылдың қаңтарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде күдікті 25 жастағы Шиелі ауданының тұрғыны анықталып, ұсталды. Тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдеме ретінде қолдан дайындалған қос ұңғылы шолақ мылтық тәркіленді. Күдікті қамауға алынды.

 

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять + одиннадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар