56-шы спартакиаданың ашылу салтанаты өтті

442483042 2007573746304794 2694969230831798264 n

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің спорттық алаңында денсаулық сақтау саласының ардагерлерi Құлсартов Сағымбай Қарақұлұлы мен Ізтілеуов Әділ Ізтілеуұлын еске алуға арналған Қызылорда облысының медицина қызметкерлерінің 56-шы спартакиадасының ашылуы өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік Әнұраннан бастау алған спартакиаданың ашылу салтанатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Одан соң медицина саласының ардагерлері Раиса Көзденова мен Сағындық Шамшиев сала қызметкерлеріне жылы лебіздерiн арнады.

Шара одан әрі арқан тартыс жарысына жалғасты.

Спартакиаданың ашылуында жарысқа қатысқан барлық 27 команда арасында үстел теннисi спорт түрінен I-шi орынды «Жаңақорған ауданының» командасы алса, II-шi орынды «Қазалы ауданының» командасы, III-шi орынды «Медицина жоғары колледжінің» командасы иеленді.

Алдағы уақытта сайыскерлер шағын футбол, арқан тартыс, эстафета, ұзындыққа секіру, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ және үстел теннисi секілді спорттың 8 түрінен жарысып, жеңімпаздар «Медицина қызметкерлерінің күні» қарсаңында арнайы “Алғыс хаттар” және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар