50 миллион теңге жымқырған: Ауылшаруашылық кооператив төрағасы сотталды

1699531887 tenge2 1440x810 1

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысын жымқырған төраға сотты болды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратынша, Алматы облысы, Ұйғыр ауданында заңды белшесінен басқан кооператив төрағасы субсидиялау талаптарын бұзып, мемлекеттен түскен субсидия қаражатының бір бөлігін кооператив депозитіне аударып, оны өз пайдасына жұмсаған.

“Жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде 2023 жылы ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы аналық қой басының саны және ұрықтандыру тәсілі жайлы шындыққа жанаспайтын ақпаратты қолдана отырып, 50 млн теңге субсидия алғаны анықталды”, – делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша кооператив төрағасы мемлекет қаржысын жымқыру және қылмыстық пайданы заңдастыру бойынша кінәлі деп танылған. Ол 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Введите текст заголовка