2025 жылы әлеуметтік төлемдер өседі, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров келер жылдан бастап әлеуметтік төлемдер қаншаға өсетінін мәлімдеді.
Министрдің сөзінше, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ортақ зейнетақы 8,5%-ға, әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6,5% индекстеледі.
“Балалы отбасыларға арналған жәрдемақыларды төлеуге 2025 жылға арналған республикалық бюджетте 875,1 млрд теңге қарастырылған. Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау атаулы әлеуметтік көмек көрсету арқылы жалғасады”, — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.