12 миллиард теңге: Үкімет тасқыннан кейінгі бизнестің мүлік шығындарын өтеуге кірісті

maxresdefault
Қазақстан үкіметі еліміздегі су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығындарын өтеу үшін өз резервінен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
 
Үкіметтің ресми сайтында өңірлік комиссиялар кәсіпкерлердің өтінімін қабылдап жатқанын жазды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша үкімет су тасқыны салдарын жою бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Қабылданып жатқан шаралардың ішінде азаматтарды жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету, біржолғы қаржылық көмек көрсету, үйлерді жөндеу мен қалпына келтіру шығындарын өтеу және т. б. бар.
Зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмысы басталды. Қазіргі таңда өңірлік комиссиялар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 178 өтінімін қарап, мақұлдады.
Үкімет резервінен 12 млрд теңгеден астам қаражат ШОБ мүлік шығындарын өтеу үшін Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджетіне аударылады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

шестнадцать − восемь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар