1,5 жыл: Қызылордада әйелін мүгедек еткен полиция майорына үкім шықтыplaceholder

1,5 жыл: Қызылордада әйелін мүгедек еткен полиция майорына үкім шықты

Қызылордада әйелін мүгедек еткен полиция майоры 1,5 жылға сотталды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Қызылорда қаласының №2 сотының мәліметінше, полиция майоры әйелін сабап, басынан бөтелкемен ұрып, еденге сұлатып тастаған. Өміріне қауіп төнгенін сезген әйел қорыққаннан балконнан секіріп кеткен. Нәтижесінде, жәбірленушінің денсаулығына «ауыр» дәрежелі зиян келіп, І топ мүгедектігі тағайындалған.

Сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамады.

2022 жылғы сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің денсаулығына «ауыр» дәрежедегі зиян, ал 2024 жылғы қосымша сараптама қорытындысына сәйкес, жеңіл дәрежедегі зиян келгені бекітілген.

Жәбірленуші материалдық шығын және моральдық зиян өндіруді сұраған.

Сотталушы ҚК-нің 105-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде өтеуге белгіленді, ҚК-нің 49-бабы негізінде «майор» шенінен айыруға деп тағайындалды.

Азаматтық талап бойынша материалдық шығын 4 054 181 теңге және моральдық зиян 5 000 000 теңге өндірілді.

“Үкім заңды күшіне енген жоқ” деп хабарлады Қызылорда қаласының №2 соты.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × 1 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар