Қызыл мия мен кеуректі үзуге тыйым салынды

5f2eebfc21c85d6708fce3b887ee8c83

Түркістан облысында қызыл мия мен кеуректі жұлуға тыйым салынды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болған. Түркістан облыстық облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевтың сөзінше, былтыр «Өсімдіктер дүниесі» туралы заң қабылданып, күшіне енген.

«Түркістан облысы аумағында өсетін емдік қасиеттері бар кеурек пен қызыл мия өсімдіктерін заңсыз теру және шет елдерге шығару фактілері жиіледі. Осы ретте аталған өсімдіктерді пайдалану құқығын шектеу туралы шешім қабылданды», – деді Қайрат Амангелдіұлы.

Осылайша кеуректі 8 жыл, ал қызыл мияны 5 жыл бойы жұлуға тыйым салынды. Бұдан былай бұл өсімдіктерді заңсыз үзгендер жауапқа тартылмақ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

4 × 5 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар