Шетелден әкелінген қызанақтардан вирус табылды

title 2

Шетелден әкелінген 60 тонна қызанақтан вирус табылып, келген жақтарына кері қайтарылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мәліметінше, биыл Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шекарасы арқылы 1075 автокөлікпен 15637,802 тонна қызанақ келген.

Оның ішінде фитосанитарлық талапқа  (фитосанитариялық сертификаты жоқ, таңбасы жоқ)  сай келмейтін 29,522 тонна қызанақ өнімін қайтарған.

Аталмыш өнімнің зияндылығын анықтау үшін шетелден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыш өнімдері карантиндік сараптамадан (ПТР) өткізілген. Нәтижесінде Түркіменстан Республикасынан әкелінген – 56,1 тонна, Өзбекстан Республикасынан келген – 4,2 тонна қызанақтан «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» анықталған.

Осылайша бұл өнімдерді кіргізуге тыйым салынып, кері қайтарып жіберген.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Введите текст заголовка