Асырап алған балаларына зәр ішкізіп, нәжіс берген

1681886886 sneg top p kartinka plachushchii malchik instagram 3

Еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева асырап алған балаларды қинағандар туралы сұмдық жайттың бетін ашты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Динара Закиеваның сөзінше, күдікті ер адам асырап алған балаларына тамақтың орнына зәр ішкізіп, нәжіс берген.

Бүгінде ер адамға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Сондай-ақ мектептегі мұғалімдер мен қорғаншылық органы қызметкерлерінің үстінен іс қозғалған.

Омбудсмен кейінгі бірнеше айда балаларды азаптауға байланысты болған бұл 4-ші жағдай деп жазды әлеуметтік парақшасында.

«Аталмыш қылмыс бойынша біз ақпан айынан бері ҚР ІІМ, Бас прокуратура және Шымкент қаласының Балалар құқықықтары жөніндегі уәкілімен бірлесе жұмыс істеп келеміз. Іс сотқа жіберілді. Мектеп мұғалімдері және қамқоршылық органдарына қатысты да қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Бұл кейінгі бірнеше айда бала асырап алған отбасылардың тарапынан болған азаптау анықталған 4-ші жайт», – деп жазды ДИНАРА ЗАКИЕВА.

Сондай-ақ, балалардың ересегі асырап алған адамдардың нәжіспен тамақтандырып ғана қоймай, балаларға тиесілі ақшаны ешкі сатып алуға жұмсап, оны балаларға бақтырғанын айтқан.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл үлкен балалардың денесіндегі көгерген іздерге байланысты да қорғаншылық органына сұрағы бар екенін мәлімдеді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар