Жылу электр станциясына бөлінген бір миллиардқа жуық қаражатты жымқырған
«Екібастұз МАЭС-2» АҚ-дағы 3-ші энергоблокты орнату, жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған ақшаны ысырап еткендер анықталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Павлодар облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі жымқырған қаражат көлемі 1 миллиард теңгеге жуықтайтынын баяндаған.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық мән-жайы, оған қатысы бар адамдар тобын анықтау көзделуде.