518273607 2082168798980235 3497569709963658989 nplaceholder

Жылу беру маусымына дайындық барысы жөнінде арнайы жиын өтті

Шиелі ауданы бойынша 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы жөнінде арнайы жиын өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағлан Сағындықов төрағалық етті.
 
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Сейілбекұлы Аманжолов хабарлама жасап, алдағы маусымға дайындық жұмыстарының барысын баяндады.
 
Жиын барысында әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйелеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары, газ желілерінің техникалық жағдайы мен қауіпсіздігі, тиісті мекемелердің дайындығы кеңінен талқыланды.
 
Тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, дайындық шараларын қатаң бақылауда ұстау керектігі тапсырылды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

11 − восемь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар