«Жұбайының келісімінсіз кредит алуға тыйым салынады»

scale 1200 1

Қазақстанда бұдан былай несие алу заңы қатаңдайды. Жаңа заң екі айдан кейін күшіне енеді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі күні елімізде жұмысқа жарамды адам саны – 9 миллион. Оның ішінде 6 миллион азаматтың несиесі бар, ал соның 2 миллионы кредитін уақытында төлемей, берешек болған.

Жаңа заңға сай, қарызын 90 күннен кешіктіргендерге кепілсіз несие беруге тыйым салынады.

Ал әскерге кеткен жігіттердің кредитіне борышын өтеп жүргенде және демобилизациядан кейінгі 2 айда өсімпұл қосылмайды. Сонымен қатар, отбасылы адамдар жұбайының келісімінсіз несие ала алмайды.

 «Бұл отбасының мүддесін қорғауға және ерлі-зайыптының біреуінің ірі тұтынушылық кредиттер алуына жол бермеуді көздейді. Сондай-ақ несиеге келісім алу тәртібі агенттіктің нормативтік актісінде айқындалады», – дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мамандары.

Сондай-ақ, жұртшылықтың қарызын коллекторларға беруге 2026 жылдың мамырына дейін беруге тыйым салынады. Егер клиент несиесін 2 жыл бойы төлемеген болса, оңтайландыру жүргізу керек. Олай жасамаса, коллекторға беруге рұқсат етіледі.

«Қарыз беруші мекемелерге екі жылға дейін өтелмеген несиелерді коллектор компанияларға өткізуге тыйым салынып отыр. Өтелмеген қарыздар бойынша жаңа келісімшарттар, болмаса уақытын созу арқылы жаңа кесте жасалуға тиіс. Болмаса ай сайын төлемді төмендету арқылы мүмкіндік беруге болады», – дейді Қарызсыз қоғам ұйымының қаржылық сарапшысы Дулат Мыңбаев.

Микро займ алатындар енді биометриялық сәйкестендіруден міндетті түрде өткізілмек. Ал оның қалай жүзеге асырылатынын қазіргі уақытта мамандар қарап жатыр.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

13 + 11 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Введите текст заголовка